экономика
-
-
Артық төлемсіз бөліп төлеу: экономистер қосарлы баға енгізудің себебін түсіндірді
11 қазаннан бастап Қазақстанда сауда саласына қатысты жаңа ереже күшіне енді. Енді барлық дүкендер мен онлайн-платформалар тауардың екі бағасын қатар көрсетуге міндетті – бірін толық бірден төлеген кездегі баға, екіншісін бөліп төлеу арқылы сатып алу кезіндегі баға. Бұл жаңашылдық 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Сауда және интеграция министрлігі бекіткен бұйрықпен ресми түрде енгізілді. BAQ.KZ тілшісі бұл өзгерістердің нарыққа қалай әсер ететіні және қарапайым тұтынушылар үшін қаншалықты тиімді болатынын зерделеп көрді.
29.10.2025
-
АҚШ Қытайдан келетін кейбір тауарларға салынған баж салығын төмендетуі мүмкін
АҚШ Қытайдан келетін кейбір тауарларға салынған баж салығын төмендетуі мүмкін. Бұл шешім Қытай фентанил өндірісінде қолданылатын химиялық заттардың экспортын бақылауды күшейтсе ғана қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
29.10.2025
-
Мәулен Әшімбаев: Парламенттік реформа – демократиялық даму жолындағы маңызды қадам
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев 24KZ телеарнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында Мемлекет басшысы ұсынған парламенттік реформаның мақсаты мен маңызына түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.10.2025
-
"Алға бір, артқа екі қадам": Сарапшы бензин бағасын тежеу шешімін түсіндірді
Қазақстан үкіметі АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын 2026 жылдың көктеміне дейін көтеруге тыйым салу туралы мораторий енгізді. Бұл шешімнің мақсаты – инфляцияны тежеу және ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау. Алайда сарапшылардың айтуынша, мұндай қадам жанармай тапшылығына, инвестициялық ахуалдың нашарлауына және еліміздің ЕАЭО-ның бірыңғай отын-энергетикалық нарығынан қалып қоюына әкелуі мүмкін. Толығырақ – BAQ.KZ тілшісінің эксклюзивті материалында.
28.10.2025
-
Мәулен Әшімбаев: Реформаларының негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру
24KZ телеарнасының «Бетпе-бет» бағдарламасында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде жүзеге асып жатқан экономикалық реформалардың мақсаты туралы айтты. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру екенін ерекше атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.10.2025
-
Тоқаев: Қазақстанда финляндиялық 50-ге жуық компания жұмыс істейді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб «Қазақстан – Финляндия» бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
28.10.2025
-
Жамбыл ауданы – жаңғыру мен даму жолында
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы соңғы жылдары аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуының тірек нүктесіне айналып келеді. 2025 жыл аудан тарихында жаңа серпін мен нақты нәтижелер кезеңі болды. Құрылыс, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм және әлеуметтік салада жүйелі істер атқарылып, халықтың тұрмыс сапасы айқын жақсарды. BAQ.KZ тілшісі Республика күнінде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімімен ауданда атқарылған жұмыстар бойынша сұхбат жүргізген еді.
26.10.2025
-
"Алтын ағыны": бағалы металдардың қымбаттауы Орталық Азия экономикасын қалай нығайтуда
Алтын бағасының күрт көтерілуі әлемдік инвесторлардың назарын қайтадан бағалы метал өндіру – экономикасының негізгі қозғаушы күші саналатын елдерге аударды. JP Morgan дерегінше, Гана, Қазақстан және Өзбекстан секілді алтын экспорттайтын мемлекеттер әлемдік нарықтағы қолайлы ахуалдың нақты пайдасын сезіне бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26.10.2025
-
2019 жылдан бері экономикамыз 16% өсті – Тоқаев
Президент 2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
24.10.2025
-
Қазақстандық банк санкцияға ілікті: Ұлттық банк не дейді?
Ресейге қарсы Еуроодақтың 19-шы санкциялық пакеті аясында "ВТБ Банк (Қазақстан)" шектеулер тізіміне енгізілді. Бұл шешім 2 желтоқсаннан бастап күшіне енеді және Еуроодақ аумағында банкке қаржы операцияларын жүргізуге тыйым салады. Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев бұл жағдай Қазақстан экономикасына әсер етпейтінін және салымшылардың алаңдауына себеп жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің неліктен көтерілгенін түсіндірді
Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Сенатта өткен дөңгелек үстелде неліктен базалық мөлшерлеменің көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Цифрлық қорған: банк пен финтех ел экономикасын интернет-алаяқтардан қалай сақтап отыр
Интернет-алаяқтықпен күрес бүгінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты бағыттардың бірі болып отыр. Цифрлық экономиканың дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа қауіп-қатерлерді де әкелді. Осы тұрғыда банктер мен финтех-компаниялардың рөлі ерекше, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
"Дағдарыс болмайды": Үкімет экономиканы қорғаудың жаңа тетіктерін атады
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен брифингте елде дағдарыс бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Инфляция 12,9%-ға жетті: Ұлттық банк ақша саясатын қатаңдатады
Ұлттық банк инфляцияны тежеу мақсатында тұтынушылық несиеге шектеу қоюы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Алдағы үш жылда қандай сала өседі? – Болжам
Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026–2028 жылдарға арналған еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Әлемде: АҚШ сайлауы, Таяу Шығыс шиеленісі және жаһандық өзгерістер
Соңғы тәуліктегі әлем бойынша орын алған ең маңызды да өзекті жаңалықтарды назарларыңызға ұсынамыз: АҚШ сайлауы, Израиль-Ливан шиеленісі, Индонезиядағы жанартау, Қытай экономикасы, Ресей мен КХДР келісімі, Мексикадағы дауыл, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Базалық мөлшерлеме тағы да көтеріле ме? Ұлттық банк нақты шешімді жарияламақ
Қазақстанда базалық мөлшерлеменің қайтадан өсуі мүмкін бе? Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Қазақстанның әлемдік экономикалық интеграциядағы орны
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі басты мақсатының бірі – әлемдік экономикамен өзара тиімді байланыс орнату болды. Республика күні қарсаңында елдің халықаралық экономикалық интеграциядағы рөлін бағамдау ерекше маңызға ие, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
22.10.2025
-
Қазақстан мен Әзербайжан 16 меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы екі есе ұлғайып, серіктестіктің жаңа деңгейіне шықты. Екі елдің ынтымақтастығы сауда, өнеркәсіп, логистика және цифрландыру салаларында дамуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.10.2025
-
Сарапшы: Қазақстан мен Әзербайжан Орта дәліздің өзегіне айналды
Қазақстан мен Әзербайжан стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтерілді. Сарапшылардың пікірінше, екі елдің өзара ықпалдастығы көлік, энергетика және цифрлық даму бағыттарында өңірлік интеграцияның өзегіне айналып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
21.10.2025
Наверх