баға
-
-
Елде ет қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда қой еті 14%-ға қымбаттады. Сарапшылардың айтуынша, басты себеп - елден тірі малды экспорттау болып отыр екен.
16.07.2021
-
Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында бағаны шарықтатпауды сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт күндері бағаны шарықтатпауды сұрады. Кәсіпкерлерге өтініш айтқан діни басқарма басшысы кәсіпкерлерді игі іске мұрындық болуға шақырды.
15.07.2021
-
Министр картоп пен сәбіз бағасының арзандайтын уақытын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз қашан арзандайтынын айтты.
13.07.2021
-
Мамин: Инфляцияның өсуіне басты себеп – азық-түліктің қымбаттауы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде Премьер-министр Асқар Мамин хабарлады. Оның айтуынша, азық-түліктің әлемдік бағасы шамамен 34 % өскен. Бұл – маусым айының қорытындысы бойынша алынған дерек.
10.07.2021
-
17 ЖҚС дизель отынына бағаны келісіп қойып алған деп күдіктелуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай өнімдерін өткізу нарығындағы бағаларға жүргізген мониторинг аясында монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін – Қазақстанның 7 өңіріндегі дизель отынын бірқатар бөлшектеп сатушыларының бағалық сөз байласуын анықтады.
10.07.2021
-
Елімізде балық өнімдері қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде маусымның аяғында балық пен теңіз өнімдерінің бағасы жылдық динамикада 9,3%, бір ай ішінде 0,5% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.
10.07.2021
-
Субсидияланатын әуе рейстерінің саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы өңірлерінің көліктік қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында бірқатар субсидияланатын авиабағыт бойынша рейстер саны ұлғайтылды және жаңа бағыттар ашылды.
09.07.2021
-
Базарда картоп пен сәбіз қымбаттады. Ахметжанов субсидия саласында қалай жұмыс істеу керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2021 жылдың 1-жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша алқа отырысында айтты.
09.07.2021
-
Азық-түлік түрлері үшін мемлекеттік реттеудің қажет екендігі анық – Ерлан Саиров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін жай жатпай, базарға барып, бағалардың динамикасын зерттедім деп жазды Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.
05.07.2021
-
Ақсақалов СҚО-да картоп неге қымбаттағанын түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты.
03.07.2021
-
Ақмола облысында әлеуметтік дүкендер саны көбейеді
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тұрақтандыру қоры жұмысының арқасында азаматтар жаңа өнімді тауар өндірушілерден үстеме бағасыз сатып алуда. Халықтың осындай форматтағы сауда желілеріне қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік дүкендер санын көбейту жоспарланып отыр.
02.07.2021
-
Елімізде жыл соңына дейін мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады. Оның айтуынша, елімізде өндірілетін мұнай мен газ конденсатының 60%-нан астамы цифрлық мониторингке кіреді.
30.06.2021
-
Министр бензин бағасының қымбаттауына қатысты жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық арасында жиі талқыға түсетін сұраққа қатысты Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз ойын білдірді.
30.06.2021
-
Қазақстандықтар тамаққа қанша ақша жұмсайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығындары бір жылда алты пайызға өсті, деп хабарлайды finprom.kz. Қазақстандықтар алкогольді ішімдіктерге бір жыл бұрынғыға қарағанда айтарлықтай аз жұмсаған.
29.06.2021
-
Депутат Осин: Азық-түлік мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжілісте азық-түлік мәселелері талқыға түскен палатаның Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті. Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бірінші кезектегі тауарлар бағасының өсуіне пандемия ғана емес, бірнеше факторлар себеп болған көрінеді.
25.06.2021
-
Сағынтаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында азық-түліктің бағаларын тұрақтандыру шаралары туралы айтты.
25.06.2021
-
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеуден бас тартады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, дәрілік заттарды кезең-кезеңімен қайта реттеу бойынша жұмыс жүргізуде.
24.06.2021
-
Елімізде ет өнімдерін ең көп тұтынатын аймақ анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалғыз тұратын қазақстандық үш айда орта есеппен 36 келі ет өнімін, ал отбасында 5 адамы бар жанұя үш айда 15 келі ет тұтынады екен. Жалпы елімізде ет және ет өнімдерін тұтыну бір жылда 5%-ға қысқарып кеткен.
24.06.2021
-
Маңғыстаулық компаниялар құрылыс материалдарының бағасын негізсіз өсірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының аумағында арматура саудасымен айналысатан бизнес субъектілер құрылыс материалдарына жоғары сұранысты пайдалананып, монополияға қарсы заңнамаға қайшы келетін бұзушылықтарға жол берген, деп хабарлады Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
22.06.2021
-
Қостанай облысында жұмыртқа бағасы тұрақтанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Архимед Мұхамбетов Рудный қаласындағы «ЖАС-КАНАТ 2006» ЖШС кәсіпорнына барып, зауыттың тыныс-тіршілігімен танысты және әлеуметтік маңызы бар тауар бағасын бақылауға алды.
19.06.2021
Наверх