Субсидияланатын әуе рейстерінің саны артты

9 Шілде 2021, 12:47
6529
Бөлісу:
Субсидияланатын әуе рейстерінің саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы өңірлерінің көліктік қолжетімділігін арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында бірқатар субсидияланатын авиабағыт бойынша рейстер саны ұлғайтылды және жаңа бағыттар ашылды.

«Южное небо» әуе компаниясы тұрақты рейстерді жүзеге асыратын Нұр-Сұлтан – Балқаш және Алматы – Балқаш әуе бағыттарында Qazaq Air екінші тасымалдаушысы іске қосылды. 

Осылайша, Нұр-Сұлтан – Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 6 рейстен 10 рейске дейін ұлғайтылады. Тариф құны - 9 000 теңге. Алматы-Балқаш бағыты бойынша рейстер саны аптасына 7 рейстен 13 рейске дейін ұлғайтылады. 

Тариф құны - 10 000-14 000 теңге. Qazaq Air әуе компаниясы «Bombardier Q400» әуе кемелерімен ұшуды орындайды. Сондай – ақ, Ақтау - Көкшетау әуе бағыты бойынша рейстер саны 3 рейстен 5 рейске дейін ұлғайтылды. Рейстер SCAT әуе компаниясының «CRJ2» әуе кемелерімен орындалады, тарифі 15 000-нан 30 000 теңгеге дейін. 

Түркістан қаласының әуежайынан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс аясында Ақтөбе (тарифі 20 000 теңге) және Талдықорған (16000 теңге) қалаларына тұрақты рейстерді әр бағытта 2 рейс жиілігімен ашу жоспарлануда. 

Рейстер «CRJ2» және «Б-737» әуе кемелерінде орындалатын болады. SCAT әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Талдықорған бағытында субсидияланатын рейсті ашады деп күтілуде. Рейстер «Б-737» әуе кемелерінде орындалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы