ақша
-
-
Қазақстандықтар жаңа әлеуметтік төлем ала бастады
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 5387 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлем (АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 5468 адам өтініш білдірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
21.10.2025
-
Пәтер, көлік, асыл тұқымды жылқы: Халық ақшасын жымқырды деген күдікпен депутат ұсталды
Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "QazConstructions" ЖШС басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу барысында компания өкілдерінің Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы әлеуметтік нысандар құрылысына бөлінген 2 миллиард теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденгені анықталды, деп хабарлайды BAQ тілшісі.
20.10.2025
-
Мобильді аударымдар: Нені білу керек?
2025 жылы Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Бұған дейін тек жеке қажетке қолданылып келген онлайн ақша жіберу енді салық органдарының бақылауына алынды. Кім тексеріледі, қандай жағдайда салық төлеу керек және айыппұл мөлшері қанша? BAQ.KZ тілшісі ережені түсіндіреді.
20.10.2025
-
ТОП-5: Қазақстанда жалақысы ең жоғары өңірлер белгілі болды
2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстандағы орташа номиналды жалақы 420 мың теңгеге жетті. Дегенмен кей өңірлерде бұл көрсеткіш одан да жоғары болса, басқа аймақтарда керісінше төмен болып тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
17.10.2025
-
Оралда 45 млн теңгені заңсыз иемденген күдікті ұсталды
34 жастағы Орал қаласының тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.10.2025
-
Жұмыс істеп жүріп жәрдемақы алған азамат ақшаны қайтаруға міндеттелді
Жамбыл облысында аудандық сот Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының азамат А.-ға қатысты артық төленген әлеуметтік төлемді өндіру туралы талап арызын қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл аудандық сотына сілтеме жасап.
16.10.2025
-
95 млрд теңге бөлінді: Қазақстанда жұмыссыздарға арналған төлемді кім және қалай алады
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 285,2 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 95 млрд теңге болды. Төлем алу шарттары мен онлайн рәсімдеу тәсілдері туралы толығырақ – осы материалда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.10.2025
-
Ақсуда құрылыс бөлімінің басшысы 290 млн теңге жымқырған
Ақсу қаласының мамандандырылған тергеу соты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13.10.2025
-
Мектептен қуылған мұғалім сот арқылы жұмысына оралып, 1,8 млн теңге өндіріп алды
Тараз қалалық соты орта мектеп мұғалімін жұмыстан заңсыз босатылған деп танып, оны қызметіне қайта орналастыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.10.2025
-
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді
Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.10.2025
-
10 күннен кейін қазақстандықтар мемлекеттен 1,5 миллион теңге алу үшін өтінім бере алады
20 қазаннан бастап Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау басталады. 9 өңірдің тұрғындары 1,5 млн теңге көлемінде грант ұтып алу мүмкіндігіне ие, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
10.10.2025
-
Қазақстандықтар несиені көбірек ала бастады
Қазақстандықтар өткен жылмен салыстырғанда несиені жиі ала бастаған, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
09.10.2025
-
11 млн теңге параны ректор тоңазытқышта сақтаған
Батыс Қазақстан медицина университетінің бұрынғы ректоры Әсет Қалиев пен кәсіпкер Инессә Мұтырғанова пара ісі бойынша сегіз жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
09.10.2025
-
Қазақстанда өмір сүруге қанша теңге жеткілікті?
Қазақстанда азаматтардың негізгі қажеттіліктерін өтеуге жеткілікті табыс деңгейі медиандық жалақы көрсеткішімен өлшенеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.10.2025
-
Еңбек вице-министрі айына қанша қаржы жұмсайтынын ашық айтты
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев бүгінгі Сенат кулуарында өз отбасының ай сайынғы шығындары туралы айтты. Оның айтуынша, алты адамнан тұратын отбасы айына шамамен 500-600 мың теңге жұмсайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
09.10.2025
-
Шардарада жамағаттан ақша жинауға мәжбүрледі деп айыпталған имам қызметінен кетті
Желіде Түркістан облысы, Шардара ауданындағы мешіттің азаншысы Жүніс Сартаев ауданның бас имамы Марат Асановты ай сайын мешіттің коммуналдық төлемдерін төлеу үшін жамағаттан ақша жинайды деп айыптаған бейнежазбасынан кейін ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкілдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.10.2025
-
Роналду тарихтағы ең бай футболшы атанды
Әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду тарихтағы ең бай спортшылардың бірі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
08.10.2025
-
Көлеңкелі айналыммен күрес: Қаржы жүйесіне цифрлық бақылау күшейтіледі
Қазақстанда көлеңкелі экономиканы қысқарту, қаржы операцияларын ашық ету және мемлекеттік қолдау жүйесін қайта қарау бағытында бірқатар жаңа цифрлық және әкімшілік шаралар іске асырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
07.10.2025
-
Қазақстанда ақша аударымдарына жаңа талап енгізіледі
Қазақстанда енді ақша жіберушілер де өздерінің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетуге міндетті болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
07.10.2025
-
Зейнетақы жинағындағы ақшаны қай кезде толық шешіп алуға болады?
Шетелге тұрақты қоныс аударғандар зейнетақы жинағын толық ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
06.10.2025
Наверх