ақпарат
-
-
Енді қызылордалықтар анықтамаларды саусақ ізімен алады
Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысының тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді саусақ ізімен алуға мүмкіндік жасалды. Бұған дейін биометриялық әдіс Астана, Алматы қалаларына енгізілген болатын.
13.02.2019
-
Назарбаев ауған соғысы ардагерін қабылдады
Астана, BAQ.KZ. Елбасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлды қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
13.02.2019
-
«100 жаңа есім» жеңімпазы: Арманым - чемпиондарды тәрбиелеу
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазмедиа орталығында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесуі өтіп жатыр.
13.02.2019
-
Елімізде орташа жалақы 166 мыңнан асты
Астана, BAQ.KZ. Қаңтар айында Қазақстанда бір жұмысшының орташа атаулы жалақысының көлемі бағалауға сәйкес 166 111 теңгені құрады. Мұндай деректі ҚР ҰЭМ Статистика комитеті жариялады.
13.02.2019
-
Эколог жер бетіндегі тіршілік иесінің қашан жойылатынына болжам жасады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір жердің температурасы 0,5 градусқа көтерілді, егер ол 1,5 жетсе барлық тіршілік иесі жойылады. Бұл туралы «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов Алматыда өткен брифингте айтты.
13.02.2019
-
ММА мықтылары Алматыда кездесті
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанның ММА бойынша бірінші бірлескен чемпионатына арналған брифинг өтті. Ел біріншілігі Almaty Arena стадионында ақпанның 13-нен 16-на дейін өтіп жатыр.
13.02.2019
-
Мобильді топтар мұқтаж отбасыларға көмек бере бастады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысында мобильді топтар мұқтаж азаматтардың мекенжайларына барып, олардың жанұяларының тұрмыстық жағдайымен танысты. Аталмыш жұмыстың нәтижесінде мүмкіндігінше әлеуметтік көмектер көрсету механизмі қарастырылып жатыр.
13.02.2019
-
Мэлс Елеусізов саяси мәлімдеме жасады
Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Елімізде экологияны қорғайтын саяси ұйым құратын уақыт жетті. Бұл туралы «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
13.02.2019
-
Данэлия Төлешова америкалық The real ток-шоуына қатысты
Данэлия Төлешова The World’s Best байқауында қалай өнер көрсеткені жайлы айтып берді және өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.
"The World’s Best байқауына қатысқан кезде, сахнаға шықпас бұрын аяқтарым дірілдеп қобалжулы болдым. Алайда әнімді айта бастаған кезде, өз-өзіме келдім", - деді Данэлия Төлешова.
Данэлия Төлешова The World’s Best байқауында қалай өнер көрсеткені жайлы айтып берді және өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.
"The World’s Best байқауына қатысқан кезде, сахнаға шықпас бұрын аяқтарым дірілдеп қобалжулы болдым. Алайда әнімді айта бастаған кезде, өз-өзіме келдім", - деді Данэлия Төлешова.
Әншінің айтуынша, Фейс Хилл, Дрю Берримор, Ру Пол, Джеймс Кордон сынды тұлғаларды көру, оның бала кезден арманы болған.
"Мен 10 жасымнан бастап ән айта бастадым. "Голос. Дети" (Украина) шоуына қатысқанмын. Бұған дейін гимнастикамен айналыстым, бірақ сәтсіз құлағаннан кейін қайта билей алмадым. Осыдан кейін өлең айтуға әуестеніп кеттім", - дейді әнші тележүргізушілердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Данэлия өз жоспаралары туралы айтқанда жеке өзінің киім-кешек желісін ашатыны жайлы баяндады.
"Мен өзімнің сәнді киім-кешек желімді ашатыныма қатты қуанып жүрмін. Сонымен қатар, өзімнің жеке альбомымды жазу жоспарымда бар. Мен тыңдармандарымды бақытты еткім келеді. Сахнада өзімді еркін сезінемін", - деп қорытындылады жас әнші.
Естеріңізге сала кетсек, The World’s Best америкалық шоуында отандасымыз Димаш Құдайберген де қатысып жатыр. Ол барша жұртты өзінің өнерімен таң қалдырды. Төрешілер оған ең жоғары деп саналатын 100 балдың 98-ін берген.
Данэлияның өнер көрсеткен сәтін Лос-Анджелес уақыты бойынша 13 ақпан күні сағат 20.00-де көрсетеді. Ал қазақстандықтар жас әншінің өнерін Астана және Алматы уақыты бойынша 14 ақпан күні 10.00-де CBS телеарнасынан көре алады.
13.02.2019
-
Онжылдықтың 10 стратегиялық мақсаты
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысындағы «Нұр Отан» партиясының делегаттары бүгін бас қосты. Партияның облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар талқыланды. Делегаттар партияның 10 басты стратегиялық мақсатымен танысты.
13.02.2019
-
Павлодарда жылу энергиясының жетіспеушілігіне шағымдар азаяр емес
Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында жылу энергиясының параметрлері бұзылған 10 проблемалы үй анықталды.
13.02.2019
-
Қазақстанда әрбір бесінші жеткіншек артық салмақтың зардабын тартып жүр
Астана. BAQ.KZ. Елімізде әрбір бесінші жеткіншек семіздіктің зардабын тартып отыр. Бұған пайдасыз тағамдарды көп тұтыну себеп. Өткен жылы Астанада мектеп асханасына сапасыз тағам тасымалдаған 18 кәсіпкерге айыппұл салынды. Білім басқармасы олармен келісімді бұзған. Бұл туралы "Хабар 24" порталы хабарлады.
13.02.2019
-
Мұхамедиұлы: Құнды жәдігерлеріміз жоғалып жатыр
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елімізде «қара археологияның» дәурені жүріп тұрғанын мәлім етті.
13.02.2019
-
Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған іс-шаралар басталды
Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған "Ұлы дала жастары" атты мәдени-көрмелік іс-шаралар топтамаларының салтанатты ашылуы өтті.
12.02.2019
-
Ресейлік майдангер "Қара майордың" қалай аңызға айналғанын айтты
Астана, BAQ.KZ. 12 ақпанда өмірден озған полковник Борис Керімбаев Ауған соғысы кезінде көптеген жас жауынгерлерге үлгі болды. Бұл туралы сейсенбі күні РБК жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында «Жауынгерлік бауырластық» ардагерлері ұйымы жетекшісінің орынбасары Вячеслав Калинин айтты.
12.02.2019
-
Астанада "Әр үйге қауіпсіздік" шарасы жалғасуда
Астана. BAQ.KZ. "Сарыарқа" ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары және көп балалы отбасылар тұратын үйлерде 500 улы газ датчигі мен 500 түтін құрылғысы орнатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
12.02.2019
-
"Алматы-1" теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Алматы. BAQ.KZ. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде "Алматы-1" теміржол вокзалын аралап көрді, қаланың коммуналды меншігіне берілген соң мұнда биылғы жылы реконструкциялау басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
12.02.2019
-
Министр «Қара майор» жайлы: Ол запаста болса да, жас ұрпақпен байланысын үзген жоқ
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ауған соғысының ардагері, арнайы мақсаттағы 177-ші отрядтың командирі, Қазақстан Қарулы Күштерінің аңыз адамы, отставкадағы полковник Борис Керімбаевтың өліміне қатысты пікір білдірді.
12.02.2019
-
Қасымов жаңа қызметке тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Қалмұхамбет Қасымов Қазақстан Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
12.02.2019
-
Атырау облысында жас кәсіпкерлерге бизнестің басым бағыттары түсіндірілді
Астана. BAQ. KZ. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Маxамбет ауданында шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде көшпелі отырыс өткізді. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
12.02.2019
Наверх