Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 айналымына шықты

Бүгiн, 12:40
202
Бөлісу:
Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 айналымына шықты
Фото: Сали Сабиров/olympic.kz

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали (80 келі) 2024 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу айналымын сәтті бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы айналымда Батырхан малилік Исмаил Кулибалимен кездескен болатын.

Қазақстандық спортшы алғашқы раундта 5:4 есебімен жеңді. Екінші раундта 1:1 есебі тіркелгенімен, басымдық бойынша жеңіс Кулибалиге берілді.

Кездесу тағдыры үшінші раундта шешіліп, қазақстандық спортшы 2:1 есебімен жеңді.

Төлеуғали Олимпиаданың 1/8 айналымына шықты. Келесі қарсыласы – италиялық спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессио.

Өзгелердің жаңалығы