Табыс декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуға жақын қалды

9 Қыркүйек 2023, 04:13
985
Бөлісу:
Табыс декларациясын тапсыру мерзімінің аяқталуға жақын қалды
Фото: BAQ.KZ

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті декларацияны электронды түрде өткізу мерзімі 2023 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде 2023 жылы 250.00 нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, оның ішінде директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады.

Декларацияны мына ресурстарда тапсыруға болады:

  • cabinet.salyk.kz "Салық төлеушінің ​​кабинетінде";
  • egov.kz электрондық үкімет порталында;
  • e-Salyq Azamat, eGov mobile, HALYK BANK мобильді қосымшаларында.

Нұсқаулық келесі сілтемелер бойынша қолжетімді:

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 1 қазанында 2022 жыл үшін жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады. Алайда, ағымдағы жылдың 1 қазаны демалыс күні екенін ескерсек, төлем мерзімі 2 қазанда аяқталады.

1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы