Табиғатты қорғау инспекторларына оқ атқан екі адам ұсталды

31 Шілде 2021, 23:12
2326
Бөлісу:
Табиғатты қорғау инспекторларына оқ атқан екі адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада браконьерлер табиғат қорғау инспекторларына оқ атқан, деп жазады Inform.kz.

Әлеуметтік желілерде бұған байланысты бейнежазбалар жарияланған. Олардың бірінде сол аумақта мал бағатынын айтқан азамат бар кінәні өзінің мойнына алатынын айтса, екіншісінде табиғат қорғау инпекторларына оқ атқан екі адам жайында айтылады.

Аталған оқиғаға байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегіше мәліметтерді айтып берді. Оқиғаға кінәлі екі азамат анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Олардың іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға беріледі. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Атап айтқанда, кінәлі екі азамат алдымен 337-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен, 380-2 бабының 2-бөлігімен қылмыстық жауапқа тартылады, – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінще, қылмыстық іс бойынша қажетті сот-сараптамалары тағайындалып, кешенді тергеп-тексеру әрекеті жүргізілуде.

 


Өзгелердің жаңалығы