Табиғатты аялауға баулу отбасынан басталады – Ғани Бектайұлы

11 Тамыз 2021, 13:46
5675
Бөлісу:
Табиғатты аялауға баулу отбасынан басталады – Ғани Бектайұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында өткен «Экологиялық білім беру» панельдік сессиясында Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бектайұлы мәлім етті.

Оның айтуынша, экология түсінігі қазақ халқында байырғыдан бері қалыптасқан. Оны жаңартып, келесі ұрпаққа дәріптеу әрбір азаматтың міндеті.

Экология тақырыбы қазақ халқында бұрыннан бері қалыптасқан. Біз табиғат аясында экожүйемен үлесімді өмір сүрдік. Көшпелі өмір салтын ұстанған елміз. Экологияға ата-бабаларымыз жіті қараған. Бала кезімізде «қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісін оқып өскен сол заманның жастары құсқа да, жәндікке де және басқа жануар түрлеріне аса үлкен құрметпен, сүйіспеншілікпен қарап өскен. Біз бұл салтымызды ары қарай жастарымызға ұлттық құндылықтар негізінде табыстауымыз керек. Сондықтанда жаңа ғасырда жаңа бағытпен жұмыс істеуді қажет етеді, - деді ол.
Ол бұл салаға мән берудің маңызы зор екенін, себебі әлемдегі ең басты мәселе елімізде ертерек қозғалуы қажеттігін ескертті.
Біздің басты мақсатымыз келешекті ойлау. Нақтырақ айтсақ, келер ұрпаққа қоршаған ортамызды кемшіліксіз сыйлау. Біз қазіргі таңда өзімізге берілген жұмыстарды сапалы атқарып, дұрыс шешім қабылдауымыз керек. Сол арқылы жылдан жылға экологиялық мәселелердің алдын аламыз. Бәрі өз қолымызда, - деді ол.
Сонымен қатар ол Ұлттық академияның алдағы уақыттағы атқарылатын жоспарымен таныстарды. Айтуынша, балаға табиғатты қорғау түсінігін отбасынан бастап, санасында ертерек қалыптастыру қажет.
Бұл экологиялық білім беруді пән ретінде 11 және 5-сынып аралығында сыныптарға кіреді. Нақты 6-сынып оқуышыларына оқытылады деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда біз балаларға ыңғайлы және жаңа технологиялармен қамтамасыз етілген әдістемені дайындау үстіндеміз. Бұл мұғалімдердің және басқа да қызметкерлердің кәсібилігін одан әрі арттырады деп есептейміз. Ата-ана мен мектеп ортасына жаңа қарым-қатынас түрін орнатылатын болады, - деп түйіндеді Ғани Бектайұлы.
Өзгелердің жаңалығы