Табантал көпірі учаскесінде қозғалыс қалпына келтірілді

5 Сәуір 2022, 11:53
1727
Бөлісу:
Табантал көпірі учаскесінде қозғалыс қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сағат 11:00-ден бастап республикалық маңызы бар А-27 Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы тасжолының 79-шақырымында, Табантал көпірін қалпына келтіру жұмыстары  жүргізілетін учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу алынды.

Учаскенің өткізу қабілетін арттыру үшін қосымша 4 құбыр жасақталды. Қазір учаскеде 6 құбыр істеп тұр.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде сағат 17:30-да аталмыш учаскені еріген қар суы шайып кетті. Қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз 2 тәулік бойы жүргізілді. Салынып жатқан көпірдің тіректеріне зақым келген жоқ. Жағдай «ҚазАвтоЖол» Ақтөбе облыстық филиалының ерекше бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы