Түзеу мекемесіндегі жағдай түзеліп келеді

3 Қараша 2019, 11:20
2235
Бөлісу:
Түзеу мекемесіндегі жағдай түзеліп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы жылдары еліміздің Қылмыстық атқару жүйесінде жүргізіліп жатқан ізгілендіру саясаты өзінің оң нәтижесін беріп келеді.

Бүгінде түзеу мекемелеріндегі жүдеу тұрмыстың еңсесін көтеріліп, тынысының кеңіп қалғаны соның айғағы, дейді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Дегенмен де бұл салада әлі де шешіміе табуы тиіс шаруа аз емес. Ұдайы байқалып қалатын кадр тапшылығы, түзеу мекемелері орналасқан ғимараттардың ескіріп, уақыт талабынан артта қалып қоюы, темірдей тәртіп бойынша жұмыс істейтін түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттың жасырын өтуі, сотталған арасындағы дау-жанжалдың көбеюі сияқты әзірге түпкі түйіні күрмеуге келмей қолды байлап отырған қомақты проблемалар сол баяғысынша көш соңынан қалмай келеді. Бұл қалай десеңізде жалғыз адамның шама шарқы жететін іс емес, ол күш қуаты мол мемлекет мойнына түсетін атан түйедей салмағы бар ауыр шаруа болып отыр.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында өткен жиын барысында дәл осындай мәселелер кеңінен талқыланды. Басқосуға Жамбыл облысының прокуроры әділет аға кеңесшісі Жарқын Құсайынов, оның орынбасары әділет аға кеңесшісі Руслан Исаев, көмекшісі әділет кеңесшісі Ғалымжан Дәненов, Жамбыл облысы прокуратурасы 2-ші басқармасының бастығы әділет кеңесшісі Марат Утемисов және Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет Миржан Смагулов, оның орынбасарлары әділет полковнигі Дмитрий Иванюк, Бағлан Жапашева, әділет подполковнигі Абылайхан Ильясов сондай-ақ түзеу мекемелерінің басшылары қатысты.

Жиын барысында әуелі Жамбыл облысы прокуратурасы 2-ші басқармасының бастығы Марат Абдраманұлы баяндама жасап, түзеу мекемелеріне заңсыз кіргізілетін заттардың тыйылмай тұрғандығын айтты. Марат Утемисов бұл тұрғыда прокурорлар мен түзеу мекемесінің қызметкерлері алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқаратындығына сенім білдірді. Бұдан кейін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Дмитрий Иванюк баяндама жасап, ағымдағы жылдың 9 айында құқық бұзушылық 33 пайызға (2019- 302, 2018-451) оның ішінде - қасақана тәртіп бұзушылық 25 (2019-127, 2018-171) пайызға төмендегеніне тоқталып өтті.

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту 74,9 пайыздан 78,5 пайызға дейін артқан. Бұл тәрбиелік жұмыстың оң көрсеткіші, - деді Д.Иванюк.

ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары тыйым салынған заттарды алып өтпекші болғандардың саны азаймай тұрғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, ұялы телефондарды тәркілеу екі есеге (25-тен 65-ге дейін) өскен. Оның ішінде, түзеу мекемесінің негізгі қоршауынан лақтыру фактісі - 46, бақылау өткізу пунктінен - 15, сәлемдеме арқылы - 4 заң бұзушылықтар орын алған.

Жиын соңында облыс прокуроры Жарқын Қуанышұлы түзеу мекемесіндегі тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға күш салу қажеттігін, бұл тұрғыда түзеу мекемесінің қызметкерлері мен прокуратура қызметкерлері бірлесе жұмыс атқару қажеттігін баса айтты. Ол өз сөзінде орын алған осы және де басқа да заң бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша прокуратурамен ІІМ-нің Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде тиісті қадағалау актілері енгізілетін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы