Тәуелсіз БҰҰ сарапшысы "Жусан-2" операциясына жоғары баға берді

17 Мамыр 2019, 12:59
4266
Бөлісу:
Тәуелсіз БҰҰ сарапшысы "Жусан-2" операциясына жоғары баға берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіз БҰҰ сарапшысы Фионнуала Ни Аолэйн осы айдың басында  Сирия мен Ирактағы жанжал аймақтарынан елге қайтып оралған 231 азаматқа қатысты пікір білдірді. 


"Қазақстан – әйелдер мен балаларды елге қайтару мүмкін екендігін көрсетті және орындауға болатынын дәлелдеді. Бұл басқалар үшін үлгі болатын жағдай. Осындай іс-әрекетті қайталау басқа мемлекеттердің жауапкершілігі. Қазақстанның осындай гуманитарлық бастамасын өзгелерге үлгі етуге шақырамын", - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, бұл маңызды гуманитарлық бастама күрделі жағдайға ұшыраған балалар мен аналардың құқығын қорғап, жаһандық деңгейдегі елеулі мәселенің шешуіне жол ашады. 

"Қазақстанның лаңкестік пен терроризм аясындағы ұлттық заңнамасының азаматтық қоғамның топтарына қарсы жиі бағыттылатыны жасырын емес. Осы жағына алаңдаушылық білдіремін. Сондықтан Үкіметті олардың xалықаралық заңда қамтылғандай жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырамын", - деді Фионнуала Ни Аолэйн. 

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Жусан-2" операциясы аясында 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді. Оның 156-сы – балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар.


Өзгелердің жаңалығы