Жылу үшін 7 млн теңгеден астам сома қайта есептеледі

16 Маусым 2020, 19:26
1455
Бөлісу:
Жылу үшін 7 млн теңгеден астам сома қайта есептеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының тұтынушыларына жылу үшін 7 млн теңгеден астам соманы қайта есептейді.

Табиғи монополиялар туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес, сондай-ақ тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті  Атырау облысында жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектелерінің  жылу энергиясымен жабдықтау қызметінің құнын сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қайта есептеу бойынша талдау жүргізді, - делінген хабарламада.
Атырау облысы бойынша өткен жылыту кезеңінде сыртқы ауаның нақты жоғары температурасының нәтижесінде тұтынушыларға 2019-2020 жылғы жылу маусымы бойынша 6 табиғи монополия субъектісі бойынша: "Жылыой Су" МКК, "Қамысқала Су Арнасы" ЖШС, "Тұрмыс қызмет" ЖШС, "Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету" ЖШС, "Атырау облысы Су Арнасы" КМК, "Атырау жылуэлектр орталығы" АҚ-ны  жалпы сомасы 7 433 070,1 теңге (ҚҚС-сыз) болатын қайта есептеу жасалды, оның ішінде:

1. "Атырау жылуэлектр орталығы" АҚ-ны  жалпыүйлік жылу есептеу аспабынсыз  - 3 478 317,6 тенге (ҚҚС-н қоспағанда); ескі, апатты үйлерде – 1 748 750,1 тенге (ҚҚС-н қоспағанда);

2. "Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету" ЖШС-гі  Нурсая ы/а – 1 030 466,9 теңге (ҚҚС-н қоспағанда); Балыкшы  поселкесі – 369 454,5 теңге (ҚҚС-н қоспағанда); Геолог поселкесі – 20 449,6 теңге (ҚҚС-н қоспағанда);

3.  "Атырау Су Арнасы" КМК-ны Атырау қаласы (1 участок) – 212 003,1 теңге (ҚҚС-н қоспағанда); Құрманғазы ауданы - 66 988,3 теңге (ҚҚС-н қоспағанда).

4.     "Жылыой Су" МКК-ны – 264 718,6 теңге (ҚҚС-н қоспағанда);

5.    "Тұрмыс қызмет" ЖШС-гі -  10 767,0 теңге (ҚҚС-н қоспағанда);

6.    "Камыскала Су Арнасы" ЖШС-гі – 231 154,4 теңге (ҚҚС-н қоспағанда).

Табиғи монополиялар туралы заңының 26-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету жолымен қайта есептеуді жүргізуге міндетті, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, барлық тұтынушылардың жалпыүйлік жылу есептеу аспабын қолдануға көшу барысында, тұтынушылар төлемдерді жылу энергиясының нақты пайдаланған көлемі бойынша жүргізеді және тиісінше қайта есептеуді жүргізу қажеттілік етпейтінін атап көрсету қажет.

Өзгелердің жаңалығы