Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік ұшақтар түрік әскерилері мінген конвойға шабуыл жасады. Кем дегенде түріктің тоғыз әскери қайтыс болды.
Хатай провинциясының губернаторы 22 әскердің қайтыс болғанын және жарақат алғандардың көп екенін мәлімдеді.
Түркияда төтенше жағдай жарияланды. Келіссөз жүргізіп жатқан ресейлік делегацияны елден шығарып жіберді.
Ердоған Қауіпсіздік кеңесін өткізді. Түрік авиациясы Алеппоға соққы жасады. Түрік авиациясы Жерорта теңізі жағынан Хмеймим әуебазасына жақын жердегі Джебла қаласына шабуыл жасады. Түркияның сыртқы істер министрі Чавушоглу НАТО бас хатшысымен шұғыл кеңес өткізді. АҚШ сенаторы Грэм Трамтан Идлибте ұша алмайтын зона режимін енгізуді талап етіп отыр.
Түркияда Facebook, Instagram, Twitter, You Tube қатарлы әлеуметтік желілер істемей тұр.