Түркияда мешіттер ашыла бастады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олар 74 күн бойы жабық тұрды. Түркияда карантиннен кейін алғаш рет мешіттер ашылды. Олар 74 күн бойы жабық тұрды, деп хабарлайды korrespondent.net.&nbsp;</h4>

 30 Мамыр 2020 2020, 13:50
30 Мамыр 2020 2020, 13:50
2805

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олар 74 күн бойы жабық тұрды. Түркияда карантиннен кейін алғаш рет мешіттер ашылды. Олар 74 күн бойы жабық тұрды, деп хабарлайды korrespondent.net. 

Біздің мешіттеріміздің есігі жұма намазына қайта ашылды. Біз ата-бабаларымыздың рухын құрметтейміз, - деді діни мәселелер жөніндегі директораттың басшысы Әли Эрбаш.

Әли Эрбаш кішігірім уағыз айтқан Стамбулдағы Фатиха мешітіне 5 мыңға жуық адам жиналды. Әйелдер үшін ішкі ауладан арнайы орын берілді. Намаз оқу кезінде келушілерге қашықтықты сақтау қажеттігі туралы ара-тұра ескертіліп тұрды.

Еске сала кетейік, Түркия 70 елмен әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр. 10 маусымнан бастап әуе рейстері қалпына келтіріледі. 

Сондай-ақ, Түркия қонақүйлеріндегі "Бәрі қосылған" және "Швед үстелі" жүйесі алынып тасталмайды. Ел билігі қонақ үйлердің жұмысына тек "гигиена тұрғысынан қажетті өзгерістер енгізілетін болады", деп сендірді.
Наверх