Түркістанда заманауи үлгідегі Олимпиадалық резерв даярлау кешені ашылды

28 Қараша 2019, 22:27
2241
Бөлісу:
Түркістанда заманауи үлгідегі Олимпиадалық резерв даярлау кешені ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңадан салынып біткен спорт нысанын аралап көрді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұнда облыс спортшыларының жоғары спорт шеберлігін арттырып, спорт резервін дайындауға, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары жетістіктерге жетуін қамтамасыз ету үшін толық жағдай жасалған.

0980d2b5-e01c-4b8d-9dde-1ca5c5904b29.jpg
Түркістан қаласында спорт мектептері мен стадионның және заман талабына сай ойын алаңдары құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, облыстың түкпір-түкпірінде спорт нысандары бой көтеруде. Осы арқылы спорттық инфрақұрылым дамуда. Бұл жерде болашақ чемпиондар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары өсіп шығады. Дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, кәсіби өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек, - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жас спортшыларға арнаған сөзінде.

7d53c3bf-7030-44be-90ec-f115267efca1.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы тарапынан жүргізілген екі қабатты ғимаратта ойын залы, күрес, бокс және тренажер залдары ашылған. Орталық ауласында үлкен стадион орналасқан. Спорт нысанында басқарманың бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру бойынша облыстық спорттық іс-шаралары мен республикалық, халықаралық жарыстары өтеді. Жастар мен жасөспірімдер арасында еркін күрес, грек-рим, дзюдо, бокс,  жекпе-жек спорт түрлері бойынша облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізілмек. 

b3b452f4-d9cd-49ac-9ca5-b619e470ac85.jpg

Жалпы аумағы 3,75  гектар жерді алып жатқан халықаралық талаптарға сай бой түзеген спорт кешенінде бір мезетте 220-дан астам спортшы жаттыға алады.

a6a60f4b-a0d3-4123-8631-c5a63856d5a6.jpg

Мектептің спортшылар резервін дайындайтын оқу-жаттығу базасы да талапқа сай жабдықталған. Жалпы орталықта 148 спортшы кәсіби тұрғыда шұғылданады. Оның ішінде 5 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 121 спортшы спорт шеберлігіне үміткер.

d8fb72ba-e9e2-45a0-b4c5-cfa6b55d800e.jpg

Кешеннің ашылуына орай волейболдан облыс чемпионаты  ұйымдастырылды. Шаршы алаңда Түркістан облысының "Жауқазындар" командасы мен Шардара  ауданының "Шардара шағалалары" волейбол командалары кездесіп, 2:1  ұпаймен шардаралықтар жеңіске жетті.

 

Өзгелердің жаңалығы