Түркістандағы Арбат даңғылына Назарбаев атауы берілді

21 Наурыз 2019, 14:29
2421
Бөлісу:
Түркістандағы Арбат даңғылына Назарбаев атауы берілді

Астана, BAQ.KZ. Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХIII сессиясы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Тұңғыш Президенттің есімін мәңгілікке қалдыру үшін облыс орталықтарындағы негізгі көшелердің бірін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы бастамасы қаралды. Сессия шешімі бойынша облыс орталығындағы Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілу туралы ұсыныс айтылып, ол депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Түркістан қаласындағы ірі көшелердің бірі – Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.  

Бұл даңғыл Бекзат Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап, Тәуке хан даңғылы мен Нәзір Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықты қамтиды.

Айта кетейік, 2018 жылдың маусым айында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы Жарлық шығарған болатын. Бүгінгі таңда Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде қарқынды түрде дамып келеді. Қалада ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы