Түркістанда тіркелген науқас Ресейден келген

18 Сәуір 2020, 10:07
1480
Бөлісу:
Түркістанда тіркелген науқас Ресейден келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Диагностикалық зерттеу қорытындысымен Сарыағаш ауданының 1994 жылғы тұрғынының коронавирусты жұқтырғаны нақтыланды. Ол жүк тасымалдайтын көлік жүргізушісі.

15 сәуір күні Ресей Федерациясынан келуіне байланысты стационарлық клиникаға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.     

Науқаспен қарым-қатынаста болғандар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

18.04.2020 жылғы жағдай бойынша Түркістан облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 57 адамға жетті.

Өзгелердің жаңалығы