Түркістанда Түлкібас аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті

10 Қыркүйек 2020, 03:48
2056
Бөлісу:
Түркістанда Түлкібас аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түлкібас аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттардың ішкі және сырты әрлеу жұмыстарымен қатар есік, терезелері ауысып, жылу жүйесі толығымен жаңартылуда, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына ыңғайлы болу үшін барлық жағдайлар жасалынды. Мұнан бөлек орталық аурухананың неврология, перзентхана және гинекология бөлімдерінің ғимаратын жыл соңына дейін толығымен күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігіне пайдалануға беру көзделген. Аурухана 270 төсек-орынмен қамтылып, үлкен көлемдегі келушілерді қабылдауға дайын.

Орталық аурухананың басты түйткілді мәселесі ауызсу құбырларының ескіруі де назардан тыс қалмады. Мәселені шешу мақсатында аурухана аумағындағы барлық ескірген құбырлар жаңартылып, ауызсу жаңа жүйеге қосылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы