Түркістанда IT жобалар байқауы қорытындыланды

3 Наурыз 2020, 01:36
1478
Бөлісу:
Түркістанда IT жобалар байқауы қорытындыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында «Hakaton Yassawi SmartTech» IT жобалар сайысы аяқталды. Байқауға еліміздегі 15 жоғары оқу орнынан 100-ге жуық үміткер қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Кентау институтында өткен байқаудың екінші кезеңінде Гран-приді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жеңіп алған.

Кентау институтының директоры Үсен Рахметұлы еліміздің барлық аймақтарынан студенттер жиналған сайысқа қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Құрметті қатысушылар, қазылар алқасы барлығыңыздың жұмысыңызды жоғары бағалап, шешім қабылдады. Incraft компаниясынан келген қазылар дарынды жастардың білім деңгейінің жоғары екендігін атап өтті. IT технологиясын қолдана отырып, жаңа бағдарламалардың бірегей тәсілдерін игеріп жатқан жастарды құттықтағым келеді. Жақсы нәтижелерге қол жеткізе беріңіздер, - деді ол.

Айта кетейік, екі күнге созылған жарыс Түркістан қаласында басталып, Кентау қаласында аяқталған. Байқаудың соңғы кешінде Incraft компаниясының мамандары (Алматы) С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің командасына ерекше назар аударған. Енді жеңімпаз атанған павлодарлық студенттердің алты айлық тәжірибеден өтуге мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар жарысқа қатысқан басқа командалар да бағалы сыйлықтармен марапатталған.



Өзгелердің жаңалығы