Түркістанда бірнеше пәтер ұрлығын жасаған екі күдікті ұсталды

12 Наурыз 2020, 06:55
1778
Бөлісу:
Түркістанда бірнеше пәтер ұрлығын жасаған екі күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктілер ұсталды. Жәбірленушілерге жалпы көлемі 1,5 млн теңгеден астам шығын келтірген, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, түркістандық тұрғын полицияға пәтерін тонап кеткендігі туралы арыз жазған. Ол күндіз үйіне белгісіз біреулер терезеден кіріп, ақша мен алтын бұйымдары ұрланғанын айтқан. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде екі күдікті қолға түскен. Оның біреуі бұрын да сотты болған.

Тергеу барысында ұсталғандардың бұдан бұрын 6 пәтер ұрлығын жасап, жәбірленушілерге бірнеше қомақты шығын келтіргені анықталды. Қарақшылар тонайтын үйді алдын ала бақылап отырған. Есікті қағып немесе терезеден үйде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп алған. Қолды еткен бағалы заттар мен алтын бұйымдарды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың Түркістан қаласының аумағында осындай басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1,5 миллион теңгеден асқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі "Ұрлық" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы