Түркістанда қайтыс болған кісі Алматыдан автобуспен келгенін жасырған

4 Сәуір 2020, 11:25
1492
Бөлісу:
Түркістанда қайтыс болған кісі Алматыдан автобуспен келгенін жасырған
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысында коронавирус індетінен көз жұмған бір кісі тіркелді. 

Бүгін Түркістанда қайтыс болған кісі 26 наурызда Жетісай аудандық ауруханасының терапия бөліміне жатқызылған. Жағдайы нашарлаған кезде 29 наурызда инфекция бөліміне ауыстырылған. 
Пневмония тыныс алу қиындығы анықталды. Науқастың қосалқы ауруы қант диабеті болған. Барлық сынама алынып, емдік шаралары жүргізілді. 1 ай көлемінде Алматы қаласы Қарасай ауданында қонақта болған. 15 наурызда Алматыдан автобуспен үйіне келген. Алматы қаласынан келгенін жасырған, – дейді Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Жақын қарым-қатынаста болған 25 адам, ықтималды байланыста болған 40 адам тексерілді. 

Өзгелердің жаңалығы