Түркістанда 25 мың түп көшет отырғызылды

10 Қараша 2019, 11:21
2600
Бөлісу:
Түркістанда 25 мың түп көшет отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда кезекті ағаш отырғызу шарасы өтті, деп хабарлады өңірлік коммуникация қызметі.

Оған облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан-қала әкімдіктері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Ауқымды шарада секторлардағы жұмыстар таныстырылып, ағаш отырғызылды.
Түркістанды көркейту мен абаттандыру үшін қала 32 секторға бөлінген. Аталған секторлар 25 мың түп  көшет (шаған, сән ағаш, үйеңкі, қараөрік, қарағаш, тұт, каштан, арша, липа) отырғызды. Секторларға бекітілген аудан-қалалар тарапынан көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарына 2500-ден астам адам мен 245 техника жұмылдырылды, - делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар аумақтық 23 департамент  мамандары қала ішіндегі ұзындығы 8 шақырымды құрайтын Р33, Р-32 каналдарының бойына ағаш егу, тазалау жұмыстарын жүргізді. 
 





Өзгелердің жаңалығы