Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет көктемгі су тасу маусымына гидрологиялық болжам жасады.
Шығыс-Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өзендерде су деңгейінің көтерілуі және бүйірілік ағынның қалыптасуы болжануда.
Қазақстанға аралықтың ортасында Жаңа Жер аралынан суық антициклон таралады. Оның келуімен жауын-шашын тоқтайды, сондай-ақ ауа температурасының түнгі сағаттарда минусқа дейін төмендейді. Аралықтың соңында оңтүстіктен жылы ауа массаларының шығарылуымен температуралық фонның жоғарылауы күтіледі.
Қазақстанның көптеген облысында көктемгі су тасу аралығы аяқталды. Тек Солтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарында су тасу аралығы мамыр айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасады.
Сондай-ақ Ақмола облысының өзендерінде көктемгі су тасу шыңы өтті. Нұра және Есіл өзендері деңгейінің одан әрі ауытқуы болжануда, бұл өзендердің жоғарғы жағына қарай жылжу толқыны есебінен болады.