Түркістан облысында суаруды қажет етпейтін қарбыз өсті

26 Тамыз 2019, 19:52
2419
Бөлісу:
Түркістан облысында суаруды қажет етпейтін қарбыз өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Келес ауданында суды қажет етпейтін қара қарбыз пісіп жетілді. Бұл тәжірибені ғалым Бердияр Қалымбетов Бірлесу ауылдық округінде жүзеге асырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Қарбыздың ұрығын көрші Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысы Жанбай ауданынан әкелінген. Аталған егіннің ерекшелігі ұрық ерте көктемде ылғалға егіліп, сол сәттен пісіп жетілгенше су ішпейді. Қарбыздың су қажет етпейтінінің ұтымдылығы - ауданның суару мүмкіншілігі болмаған жерлерде егін шаруашылығын тиімді пайдалану", - делінген таратылған ақпаратта.

Алдағы уақытта ғалым аталған тәжірибені басқа да ауданның диқандарына үйретіп, егістік алқабын кеңейтуді көздеп отыр.

Өзгелердің жаңалығы