Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол ережесін бұзу жайттары үш күндік "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларын және апаттарды азайтуға бағытталған рейдтер ұйымдастырылуда. Осы мақсатта өткізілген іс-шарада 75 қоғамдық көлік жүргізушісінің ереже бұзғанын анықтаған. Тәртіп сақшылары көлік құралын мас халде басқару бойынша 32 жайтты тіркеген. Ал жылдамдықты арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 217 жүргізушіні тартылған. Қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша 25, маневр жасау ережелерін бұзушылардың 156 дерегі және бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өту бойынша 55 жағдаят анықталған. Сондай-ақ көлік құралдарын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 369 жүргізуші жазаланған және 754 қауіпсіздік белдігін пайдаланбағандар белгілі болды. Оған қоса, 87 жүргізуші жаяу жүргіншінің жүрісіне басымдық бермегені үшін және 605 жаяу жүргінші жол жүру ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 253 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті заңсыз жабдықтаудың 25 жайтын және техбайқаудан өтпеген 113 деректі, көлік құралын рейс алдындағы тексеру мен медициналық тексеруден өтпеген 6 жайтын, 14 заңсыз жолаушы тасымалдау дерегін анықтады. Одан бөлек, Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі полицейлері "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қатысушылар арасында жолда жүру қауіпсіздігі бойынша сауаттылығын арттыру бойынша түсіндірме әңгіме жүргізіп, ЖҚЕ жазылған ескертпе қағаздары таратылды, - делінген хабарламада.