Түркістан облысында полицейлер туысының атына несие рәсімдеген алаяқ әйелді ұстады

6 Қазан 2020, 12:06
1048
Бөлісу:
Түркістан облысында полицейлер туысының  атына несие рәсімдеген алаяқ әйелді ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түлкібас АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық жолмен туыстарының бірі оның атына 200 мың теңгеге жуық несие рәсімдегені туралы арызданған. Осы бойынша полициядан көмек сұрап, заңды шаралар қабылдауды сұрады. 

Хабарлама алған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстау ісінің барлық мән-жайларын анықтау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізді. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні, яғни жәбірленушінің туысын ұстады. Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты, оны жедел уәкілдер полиция бөліміне жеткізді.   

Тергеу барысында белгілі болғандай күдікті жас қыз жәбірленушіге ақша қарыз екендігі, оған келісілген уақыт жеткесін қайтаруды талап еткені анықталды.  

Сол кезде күдікті туысқанына ақша аудару үшін жеке куәлігінің суретін  жіберуді сұраған. Осылайша, оның жеке куәлігін пайдаланған алаяқ жәбірленушінің атына несие рәсімдейді.  

Ол туысының жеке деректерін жүктеп, содан кейін ғаламтор арқылы микрокредиттік ұйымдарға сұрау жібереді. 

Ақша жәбірленушінің шотына түскен кезде алаяқ оны несиенің бір бөлігін қарызы ретінде қалдыруды, ал қалғанын оның шотына аударып жіберуді сұрайды. Күдікті өз ісін толық мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша СДТБТ-де тіркелді. Ол қолхатта. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы