Түркістан облысында коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.</h4>

 2 Сәуір 2020 2020, 19:56
2 Сәуір 2020 2020, 19:56
2070

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған. Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары. Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

Наверх