Түркістан облысында балаларды таудан түсіру операциясы жүргізілуде

16 Маусым 2020, 12:37
1360
Бөлісу:
Түркістан облысында балаларды таудан түсіру операциясы жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 маусымда күндіз Түркістан облысы Төле би ауданы Біркөлік ауылынан 5 шақырым жердегі "Біркөлік" демалыс аймағында құрамында 25 адамнан тұратын топ, оның ішінде үш ересек және 22 оқушы тау бөктеріне демалуға шықты. 

9 оқушы мен 1 тәрбиеші тобы күндіз тауға шықты, ал 6 оқушы мен 1 тәрбиеші таудан өз бетінше түседі, 3 оқушы адасып кетеді. Сағат 22:48-де таудан түскен соң, тәрбиеші оқиға туралы "112" нөміріне ақпарат берді.

Сағат 23:00-ден бастап Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының (6 қызметкер мен 1 техника), Түркістан облысының ТЖД (10 қызметкер мен 3 техника), жедел медициналық жәрдем бригадасы (5 жұмысшы мен 1 техника), полиция бөлімі (2 адам мен 1 техника) күштері іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде, барлығы 23 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

16 маусым сағат 00:58-де Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ іздестіру тобы жардан құлаған 2003 жылғы жасөспірімнің денесін тауып, жерге түсіреді және полицияға тапсырады.

16 маусым, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша құтқарушылар тауда орналасқан 2 оқушыны тапты. Шымкент қаласы ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары альпинистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, балаларды түсіру және құтқару бойынша операциясын жүргізуде. Алайда, құтқару жұмыстары жартасты жерлермен, биік таулы және тік беткейлермен қиындауда, - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Құтқару операциясының қорытындысы туралы қосымша хабарланады.

 

 



 


Өзгелердің жаңалығы