Түркістан облысына 5 млн-ға жуық дәрілік зат жеткізілді

22 Шілде 2020, 13:10
1140
Бөлісу:
Түркістан облысына 5 млн-ға жуық дәрілік зат жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысына 5 млн-ға жуық дәрілік препарат әкелінді. Бұл өз кезегінде халқы тығыз қоныстанған өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығының оң шешілуіне ықпал етеді.

Пандемиямен күрес үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстан елінен жеткен кезекті дәрілік заттардың ішінде амброксол, левофлаксацин, аминофиллин, азитромицин, цефтриаксон, парацетамол, метранидазол, дексаметазон, эуфиллин секілді пневмония және коронавирусқа қарсы препараттар бар, - делінген хабарламада.

Қажетті дәрі-дәрмектердің жартысы өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылса, жартысы әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі.

Өзгелердің жаңалығы