Кәсіпкер, Ұлттық құрылтай мүшесі Сырымбек Тау депозитте ақшасын ұстайтындарға салық салуға қатысты айтқан мәлімдемесін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Депозит үшке бөлінеді: төмеңгі, орта және жоғарғы депозит. Төменгі депозиттен салық алу дұрыс емес. Себебі жалақысынан баспанаға, көлікке, баласының оқуына жинауы мүмкін. Одан салық алғанды мен құптамаймын. Ал орта деңгейдегі депозит 50 млн теңгеге дейін. Төменгі депозит 15 млн теңгеге дейін. Ал енді 50 млн теңгеден жоғары депозиттер болады. Мысалы, мен кәсіпкермін. Кәсіп жасап, 100 млн теңге пайда табамын. Одан 20% салық төлеймін. Ал енді сізде депозит бар делік. Сіз де 100 млн теңге табамыз, бірақ салық төлемейсіз. Бұл қаншалықты әділетті? - деді кәсіпкер.
Ол әлемде, мысалы, Ресейде, Өзбекстанда, Қытайда, Америкада, Еуропада бәрі бар.
Экономикалық сауаттылығы төмен адамдар негізгі соманы айтып жатыр. Бірақ жоқ. Негізгі сомадан салық төлемейсіз. Мысалы, депозитте 100 млн теңге ақшаңыз бар. Оны 17%-бен сақтадығыз делік. Сөйтіп 17 млн теңге пайда табасыз. Енді осы 17 млн теңгеден 10% салық алған дұрыс деп есептеймін. Қазір бәріміз осылай жасай берсек, мен де бар ақшамды депозитке салып, 5 мың адамды жұмыстан шығарып жібере аламын. Мұндай жағдайда біріншіден, жұмыссыздық көбейеді, екіншіден, жалқаулық көбейеді, - деп айтты Сырымбек Тау.
Оның айтуына қарағанда, қазір еліміздегі жеке тұлғаларда 24 трлн теңге депозит бар.
Сөзінше, депозиттер халыққа пайдасын әкелуі керек. Сол себепті банктегі ақшалар халықтың қолына түсіп, жұмыс істеуі керек. Сол кезде ғана кәсіп дамиды.
Егер депозиттің пайызымен өмір сүретін мемлекетке айналсақ, кіші және орта бизнесті өлтіріп аламыз, - деп ойын айтты кәсіпкер.