Сыртқы саясатты Президент қана талқылайды – СІМ

26 Маусым 2023, 17:05
1287
Бөлісу:
Сыртқы саясатты Президент қана талқылайды – СІМ
Фото: Арман Мухатов - архив

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаевтың жексенбі күні телефон арқылы сөйлесуі кезінде екі ел арасындағы қарым-қатынасты талқылағанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

Лукашенко мен Назарбаев бұрыннан келе жатқан серіктес. Оларда әрқашан талқылайтын тақырыптар көп. Бірақ өздеріңіз білетіндей, еліміздің сыртқы саясатын, оның ішінде шет мемлекеттерімен қарым-қатынастарын айқындау Қазақстан Республикасының іс басындағы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзырына кіреді. Сондықтан Қазақстан мен Беларусь арасындағы қатынастарды тек іс басындағы Мемлекет басшылары арасында талқылауға болатындығына негізделеміз, - деп түсіндірді сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі.

Сонымен қатар ол Беларусь елімен қарым-қатынасымыз тұрақты екендігіне тоқталды.

Сондай-ақ біздің еліміздің Беларусь Республикасымен қарым-қатынасы стратегиялық сипатқа ие. Күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ. Барлық деңгейде тұрақты және әртүрлі байланыстар сақталған, - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, кеше Беларусь президентінің ресми сайты Лукашенконың Назарбаевпен әңгімелесуі туралы ақпарат таратқан еді. Онда халықаралық ахуал, аймақтағы жағдай және екі ел арасындағы қарым-қатынас талқыланғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы