Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қанат Қобыландыұлы 1975 жылы 7 қарашада Ақтөбе қаласында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар бакалаврі (1993-1997); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар магистрі (1997-1999) дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолы: ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасында референт, атташе (1997-1998);
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы (1998-1999);
ҚР Түркиядағы Консулдығында вице-консул (1999-2001);
ҚР Түркиядағы Консулдығында Елшінің көмекшісі, баспасөз хатшысы (2001 – 2003);
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы (2003);
ҚР Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Елшілігінің консулдық бөлімнің меңгерушісі (2003-2005);
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы (2005-2006);
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азиялық ынтымақтастық басқармасынде кеңесші, бөлім басшысы (2006-2007);
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиядағы қауіпсіздік басқармасының басшысы (2007-2009);
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2009-2010); «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі» халықаралық ұйымы Атқарушы директорының орынбасары (2010-2014);
ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2014-2015); ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде кеңесші-уәкіл (2015-2016);
ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілінің орынбасары (2016-2019).
2019 жылғы шілдеден бері Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
Бүгін ол осы лауазымынан босатылды.