Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

6 Қазан 2022, 16:23
709
Бөлісу:
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат  Омаров Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы