Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының елшісімен кездесті

12 Шілде 2023, 03:20
829
Бөлісу:
Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясының елшісімен кездесті
Фото: СІМ баспасөз қызметі

ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі Файсал Әл-Қахтаниді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әрекеттестіктегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін талқылады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қызығышулық білдірді.

Өзгелердің жаңалығы