Сыртқы істер министрлігі Иорданиядағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

6 Сәуір 2021, 19:02
1798
Бөлісу:
Сыртқы істер министрлігі Иорданиядағы жағдай бойынша мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде болған оқиғаны мұқият бақылауда, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Король Абдалла II Иордания халқының әл-ауқатын жақсартуға, аймақтық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатын қуаттайды.

Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 4 сәуір күні Иорданияның астанасы Амманда мемлекеттік төңкерістің алдын алу бойынша операция өтті. Король отбасының мүшелері Шериф Хасан мен Заид, бұрынғы Қаржы министрі Бассам Авадалла мен бірқатар жоғары шенді офицер ұсталды. 


Өзгелердің жаңалығы