Сырдарияның жағасында биіктігі 2 метр қарасора өсірген тұрғын әшкереленді

25 Шілде 2022, 14:26
1237
Бөлісу:
Сырдарияның жағасында биіктігі 2 метр қарасора өсірген тұрғын әшкереленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Ақтоты Боранова мәлімдеді. 

Қызылорда облысы полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдік өсірген тұрғынды ұстады. 51 жастағы ер адам Жаңақорған ауданының аумағында Сырдарияның жағасында қарасора өсірумен айналысқан. Айта кетерлігі, арнайы өсірілген қарасораның биіктігі екі метрге жеткен. Барлығы 90 түп қарасора анықталды, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

ІІД таратқан деректерге сүйенсек, полиция қызметкерлері қарасорадан басқа ол жерден азық-түлік, генератор, су сорғысы, балта, бұрауыш пен қарасораны егіп, өсіру үшін күректің бар екенін анықтады. 

Барлық заттай айғақтар алынды. Ол жерде топырақ тереңінен қазылып, оған суды бұруға арналған генераторды жасырған. Қолдан марихуана өсіріп отырған тағы бір егістік жерді полиция қызметкерлері Шиелі ауданы Жуантөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 45 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуілдің арасынан тапты, - деді Ақтоты Боранова. 

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары егістікті сырт көзден күзеткен облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын ұстаған.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында психотропты зат сатумен айналысқан топ ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы