Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті халық үй жануарларына қажетті дәрі-дәрмекті алу үшін облыс орталығына келіп әуреге түспейді. Енді олар жануарларға керекті заттар мен дәрі-дәрмекті өз ауылдарынан таба алады. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында хабарланды.
«Мен осы ісімді ашу үшін қайтарымсыз негізде «Микробизнес» бағдарламасы арқылы 1 млн теңгенің сертификатын алдым. Кәсібіме деген сұраныс жоғары. Халық үй жануарларына, қорадағы малға қажет емдік дәрі-дәрімекті тұрақты түрде алып тұрады. Келешекте тағы бір жаңа ветеринарлық дәріхана мен емхана ашуды көздеймін», - дейді Дана Ашабаева.
Кәсіпкер ветеринарлық дәріханада емдік дәрілердің сипаттамасы мен ерекшеліктері туралы халыққа кеңес береді. Бұл өз кезегінде үй жағдайындағы мал, жан-жануарлардың ауруын алдын алып, жарақаттанып қалмауына септігін тигізеді.
Айта кету керек, Сырдария ауданында «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы бойынша құны 133 млн теңгенің 37 жобасы қаржыландырылған.