Сырдария ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

7 Сәуір 2021, 04:25
2117
Бөлісу:
Сырдария ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сырдария ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, тұрғын үйлер салуға басымдық берілуде. 2021 жылға республикалық бюджеттен 11 елді мекенде тұрғын үй құрылысына және аз қамтылған көпбалалы отбасыларына тұрғын жай сатып алуға қаржы бөлінген. Бұл туралы Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осы жылы республикалық бюджеттен 11 елді мекенде 33 тұрғын үй құрылысына және аз қамтылған көпбалалы отбасыларына 10 тұрғын жайын сатып алуға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда ауылдық округтерде тұрғын үй салу жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Жалпы 33 тұрғын үйге республикалық бюджеттен 425 176 мың теңге қаржы бөлінуде. Елді мекендегі 3 тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатыр. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Намыс-Құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастап кеткен. Бұл жердегі 1 тұрғын үйдің жалпы ауданы 67,4 шаршы метрді құрайды.

Жалпы бүгінгі күнге аудан бойынша тұрғын үй кезектілігінде 510 сырдариялық бар.

Өзгелердің жаңалығы