Сырдария ауданында 84 мың түп ағаш егіледі

26 Наурыз 2021, 07:44
2334
Бөлісу:
Сырдария ауданында 84 мың түп ағаш егіледі

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сырдария ауданында алдағы бес жылда 60 гектардан астам жерге 84 мың түп ағаш егіледі. Сондай-ақ биыл суды аз қажет ететін көкөніс-бақша, майлы дақылдарға басымдық берілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сырдария ауданының әкімі Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Өткен жылы ауданда өнеркәсіп өнімі 51,1 пайызды құрап, өндіру көлемі 38,6 пайызға артты. Диқандар 21 мыңнан астам гектарға күріш дақылын орналастырып, 135 мың тонна өнім жинаған.

Ауданда аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдаулардың арқасында өсім сақталып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің әлеуеті артты. Соңғы жылдары Сыр өңірінде су тапшылығы орын алуда. Осыған байланысты алдағы уақытта біз суды аз қажет ететін майлы дақылдар, көкөніс-бақша және мал азығындық дақылдарға басымдық беретін боламыз. Осы ретте, біз аймақ басшысының қолдауымен аудан орталығынан шалғай жатқан Аманкелді, Жетікөл, Айдарлы ауылында егістік жерлерді пайдалануды қолға алып жатырмыз. Өткен жылы Айдарлы ауылындағы «Ақтам» және Аманкелді ауылындағы «Қызылту» каналдары тазартылып, көптен бері қозғалған аяқ су мәселесі шешілді. 157 гектардан астам үй іргелік және бау-бақшаға аяқ су барды. Іңкәрдария ауылында 10 гектар жерге заманауи технологияларды пайдаланып, бақша дақылдарының тұқымын өндіру және өсіру жоспарымызда бар. Алдағы бес жылда 60 гектардан астам жерге 84 мың түп ағаш егілетін болады, - деді Талғат Тұрсынұлы. 

Аудан басшысының айтуынша, биыл Қалжан ахун ауылындағы «Ескі бостандық», Н.Ілиясов ауылындағы «Дәурен» каналдары тазартылады. Нәтижесінде 1000 гектар егістік, 202 гектар жайылымдық және үй іргелік жерлер аяқ сумен қамтамасыз етіледі.


 

 

Өзгелердің жаңалығы