"Syr Volonterlary" орталығы ашылады

23 Шілде 2020, 08:30
1262
Бөлісу:
"Syr Volonterlary" орталығы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада "Syr Volonterlary" орталығы ашылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.

Бұл орталықты ашудағы мақсат – барлық еріктілерді бір орталыққа біріктіріп, сапалы қызмет көрсету.

Аталған орталық Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйі ғимаратында орналасқан. Волонтер болғысы келетін барша ынталы азаматтар "Syr Volonterlary" орталығының 401-110 байланыс телефонына хабарласуға болады. Пандемия кезінде волонтерлар ауқымды жұмыстар атқаруда. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен қарттарға материалдық қолдау, автоволонтерлардың көмегімен медициналық дәрі-дәрмектер жеткізіліп, жыл басынан бері түрлі форматтағы 1 184 шаралар ұйымдастырылды, - деді Серік Әбжәліұлы.


Өзгелердің жаңалығы