Сыр өңірінде биыл 188,1 мың га егіс егілді

18 Тамыз 2021, 05:30
1931
Бөлісу:
Сыр өңірінде биыл 188,1 мың га егіс егілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы  жылы Қызылорда облысында 188,1 мың гектарға егіс егілді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың, майлы дақылдар 6,7 мың, мал азықтық дақылдар 66,4 мың, картоп, көкөнiс, бақша 18,3 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 83,6 мың гектар.

Айта кетейік, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 3,9 мың гектарға артық егілді.
Қазіргі таңда облыстың шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылының II орымын аяқтауда. Оның 31,1 мың гектары орылып, 72,9 мың тонна жоңышқа шөбі жиналып, гектарына 23,5 цн өнім алынуда. Облыс бойынша егілген 6677 гектар күздік бидай бүгінгі күнге толық жиналып, 9390 тонна астық, 14,1 ц/га орташа өнім алынды, – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, жаздық бидайдың 3917 гектары, арпаның 334 гектары орылып, жаздық бидайдан 3592 тонна, арпадан 290 тонна жиналды. Орта өнім жаздық бидайдан 9,2 центнерден, арпадан 8,7 центнерден алынуда.
Қазіргі таңда, шаруашылық құрылымдары егісті күтіп баптау жұмыстарын атқаруда.

Ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармаймен қамту мақсатында облысқа 12,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар, мал азығын дайындау бойынша 3,8 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, оны жеткізу үшін операторлар анықталды.


Өзгелердің жаңалығы