Сыпатаев және Төрткөл ауылдары арасындағы жолдың жөндеу жұмыстары аяқталды

22 Сәуір 2024, 20:52
321
Бөлісу:
Сыпатаев және Төрткөл ауылдары арасындағы жолдың жөндеу жұмыстары аяқталды
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Түркістан облысында «Самара-Шымкент» бағытына кіретін республикалық маңызы бар автожол учаскесінде ағымдағы ұстау шеңберінде автомобиль жолын жөндеу жұмыстары аяқталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, жұмыстар аясында жол төсемінің тұрақтылығы мен жоғары сапасына кепілдік беретін жол төсемінің микросюрфейсинг технологиясы қолданылды.

Осы учаскені жөндеу бойынша жұмыс шеңберінде арнайы жабдықты пайдалана отырып, құйылған эмульсиялық-минералды қоспалармен жол төсемін өңдеу жүргізіледі. Бұл шара жол жамылғысының тозудан қорғай отырып, оның қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.

Сыпатаев және Төрткөл ауылдары арасындағы жолдың жөндеу жұмыстары аяқталды

Автокөлік жүргізушілері осы учаскенің қазіргі жағдайына наразылықтарын білдіріп, жол төсемінің сапасының нашарлағанын атап өтті. Қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында осы учаскедегі жұмыстарды бастау жоспарланды.

Жөндеу жұмыстарының аяқталуы «Самара – Шымкент» автомобиль жолындағы Түркістан облысының Сыпатаев және Төрткөл ауылдары арасындағы учаскедегі жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жол жағдайының жақсаруына қауіпсіздік пен жайлылықтың артуына әкеледі деп күтілуде.

Ағымдағы күтіп ұстау шеңберінде автомобиль жолын жөндеу бойынша осындай жұмыстар еліміздің басқа өңірлерінде де жүргізіле бастады.

Өзгелердің жаңалығы