Сын сағатта сабырлылық танытайық – Сенат депутаты

8 Қаңтар 2022, 14:24
1576
Бөлісу:
Сын сағатта сабырлылық танытайық – Сенат депутаты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл пікірді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы білдірді. 

Оның айтуынша, біз жылдар бойы елдік пен егемендіктің қаншалықты маңызды екенін айтумен келеміз. Мұның құр сөз емес екенін соңғы күндердегі оқиғалар анық көрсетіп отыр. 

Қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтау және қорғау – баршамыздың қасиетті борышымыз. Осындай кезеңде ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылуға тиіспіз. Сын сағатта сабырлылық танытайық. Ел болып Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына қолдау көрсетуіміз қажет.Мемлекет басшысы халыққа жасаған үндеуінде елімізде маңызды экономикалық және саяси өзгерістер жалғасатынын айтты. Осы жұмыстарға барлығымыз атсалысуымыз керек. Бірлігімізге бекем болайық, бауырлар!, -деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы.

Өзгелердің жаңалығы