Астана, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі рейтингінде Қазақстанның орны белгілі болды. Бұл туралы ҚР МҚІСЖҚІҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді.
«Transparency International сыбайлас жемқорлық деңгейін зерттеу бойынша үкіметтік емес халықаралық ұйым 2018 жылғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексін (СЖҚИ) жариялады. 2018 жылғы СЖҚИ 180 елдің мемлекеттік секторындағы сыбайлас жемқорлықты өлшеуге бағытталған 13 зерттеулер мен сарапшылардың бағаларына негізделеді. Бұл ретте индексте 0-ден 100-ге дейінгі шкала қолданылады, онда 0 - бұл сыбайлас жемқорлықтың өте жоғары деңгейі, ал 100 - керісінше, өте төмен деңгейі. СЖҚИ рейтингінде елдердің жалпы төмендеуі аясында Қазақстан 31 ұпай жинап, 124 орынға ие болды. Осыған дейін 26 және 29 ұпай болды. Орталық Азияда біз біріншіміз. Ал ТМД-да біздің алдымызда Беларусь пен Украина тұр», - деді Сабырбаев.
Оның айтуынша, Қазақстан тоғыз зерттеулерде бағаланған. Бұл ретте бес рейтинг агенттіктерінің сарапшылары Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі күш-жігерін оң бағалады. Үш рейтингтік агенттік қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға баға берді, тағы екеуі оны жеткіліксіз деп санады.
«Bertelsmann Foundation Transformation Index, Economist Intelligence Unit Country Ratings, Freedom House Nations in Transit Ratings және Global Insight Country Risk Ratings рейтингін 2017 жылғы деңгейде қалдырды – 25 ұпай, 20 ұпай, 24 ұпай және 35 ұпай сәйкесінше. World Justice Project Rule of Law Index рейтингі де бұрынғы деңгейде қалды – 34 ұпай», - деді ол.
Назерке Абибулла