Сыбайлас жемқорлықтан түскен қаржы мектеп құрылысына жұмсалуда

8 Желтоқсан 2022, 15:28
1177
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлықтан түскен қаржы мектеп құрылысына жұмсалуда

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлық мәселе бүгінде ауқымды мәселелердің бірі болып отыр. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан да еліміздегі барлық өңірлердің ерекшеліктері ескеріліп, барлық облыс, қала үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы әзірленген. Аталмыш картада шенеуніктердің озбырлығына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешімін таппайтын көкейкесті мәселелердің шешімі айқын көрсетілген деп атап өтті агенттіктің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов брифинг барысында. 

 «Өңірлік мәселелерге баса назар аудара отырып және әрбір өңірдің ерекшелігін ескеріп, Агенттік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Бұл процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілердің болуына, шенеуніктердің еріксіздігіне немесе озбырлығына, заңнаманың жетілмегендігіне байланысты шешім таба алмайтын халықты толғандыратын өзекті мәселелердің тізбесі»,-деді ол.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру аясында 228 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, 66 мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметі сыртқы талдаудан өткенін атап өтті.

Брифинг барысында тексерілген қылмыстық істер бойынша түскен қаражаттар мектеп құрылысына жіберіліп жатқанын атап өтті.Мысалы, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектептің құрылысы 3 жылдан астам уақыт бойы «қатып қалған». Ұзақ құрылыс өңірдегі «проблемалық» құрылыс нысаны болып танылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енген.

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ-на қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында кінәлі тұлғалар 197 млн теңгеге көлемінде залалды өтеді.

Қайтарылған қаражаттың негізгі бөлігі (150 млн теңге) ауыл мектебінің құрылысын аяқтауға бағытталды.

Қалған қаражат еліміздегі ең ірі workout алаңдарының бірін салу үшін пайдаланылатын болады. Бұл Ақтөбе облысындағы балалар бұқаралық спортының дамуына серпін береді деді басшы.

Өзгелердің жаңалығы