Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Тергеу сотында экс-министр Елжан Біртановтың ісі қаралды. Сотта бұрынғы Денсаулық сақтау министрі сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Біртанов Zoom платформасында онлайн өткен сот процесіне БАҚ өкілдеріне қатысуға рұқсат бергені үшін судьяға алғыс білдірді.
Қазір сотта үй қамағын ұстауды ұзарту мәселесі қарастырылып отыр. Маған әлі айып тағылған жоқ, тергеу жалғасып жатыр. Бүгін күдікті ретінде құқықтарды шектеу қарастырылып отыр, - деді ол сотта.
Сондай-ақ Елжан Біртанов өтініште көрсетілген бұзушылықтарға қатысты айтты.
Бұл өтініште бюджет қаражатын жымқыру мен ысырап етуде маған қарсы жасалған күдіктердің заңдылығы мен негізділігін растайтын ешқандай фактілер жоқ екенін қосқым келеді. Неге? Себебі ұрлық фактісі жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқару кезінде осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлық істеріне қатыспағанымды тағы да мәлімдеймін, - деп айтты Біртанов.
Күдікті өтініште алыпсатарлық және түсініксіз логикалық тұжырымдар бар екенін алға тартты.
Сонымен қатар Біртанов электронды денсаулық паспортына қатысты да сөз қозғады.
Паспортты жұмыс істемейді деп мәлімдеп жатыр. Мен ұялы телефонымнан скриншотты іске қосуды сұрағым келеді. Мен жеке мәліметтерімді жариялауға дайынмын. Үзінді көшірмені электронды паспортымнан жүктей аламын. Оны алғаш рет 2019 жылдың 16 қыркүйегінде, 2020 жылдың 28 тамызында, 2021 жылдың 23 ақпанда және 4 сәуірде көшірген болатынмын. Оны ашып көрсете де аламын. Мен мұнда тіркелген жерім туралы ақпаратты, сондай-ақ 2020 жылдың маусым айында COVID-19-ға қарсы емделуге екі ауруханаға жатқызылғаным туралы ақпаратты ашып, көрсете аламын. Алдымен біреуінде, содан кейін екіншісінде. Яғни, электрондық денсаулық паспортының функционалы жұмыс істейді, - деп мәлімдеді Біртанов.
Экс-министрдің сөзінше, оны толтыруға қатысты сұрақтар бар, бірақ бұл процесс емханалардың ақпараттық жүйелері платформаға көбірек қосылған сайын жүреді. Атағандай, келісімшарт заңды түрде жасалды, барлық жұмыс заңды түрде орындалды.
Бірақ біз қазір тергеу бұл процеске кедергі келтіріп отырғанын естіп, білім отырмыз, - деп айтып өтті ол сотта.
Біртанов сотта сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқ екенін қайталады.
Ешқандай сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да мәлімдеймін. Мен Қазақстанның толыққанды азаматымын. Мен министр болып туылған жоқпын, осы елде өстім, төменнен жоғарыға дейін жүріп өттім, адал жұмыс істедім, салық төледім және құқығым бар. Мен соттан менің құқықтарымды сақтауды сұраймын, - деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін судья Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары 2021 жылдың 14 мамырына дейін ұзартылғанын хабарлаған болатын. Атап айтқанда, таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін сыртқа шығуға рұқсат етілді.
2020 жылдың 3 қарашасында Қаржы мониторингі комитеті Біртановтың қамауға алынғандығы туралы хабарлаған болатын. Экс-министрге бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келтірілген еді.
Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен 2020 жылы 25 маусымда босатылды. Ол өзі пневмонияның асқынуына және емдеу қажеттілігіне байланысты жұмыстан кету туралы өтініш жазған.