Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірқатар қызметкері марапатталды

7 Мамыр 2021, 04:25
1985
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірқатар қызметкері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отан қорғаушылар күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ANTIKOR News телеграмм каналында жазылды.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен үлгілі қызметі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне адалдығы үшін төрағаның бірінші орынбасары Олжас Бектеновке II дәрежелі «Даңқ» ордені табыс етілді, ал төрағаның орынбасары Нұрлан Шабдарға 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы берілді.

Сондай-ақ, агенттік төрағасы Мемлекет басшысының атынан агенттіктің аппарат басшысы Қ.Жапақовқа, агенттіктің департамент басшысы М.Ахметовке, агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Сүлейменовке және агенттіктің басқарма басшысы Қ.Ахметқалиевке ІІ дәрежелі «Айбын» орденін салтанатты түрде табыс етті.

«Құрмет» орденімен агенттіктің департамент басшысы Л.Йылдыз, «Ерлігі үшін» медалімен агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі офицері Б.Төлебаев, «Ерен еңбегі үшін» медалімен агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Г.Тубаев және басқалары, барлығы 15 қызметкер марапатталды.

Бұдан басқа, агенттік аөрағасының бұйрығымен үлгілі қызметі және жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ведомстволық наградалармен 83 адам марапатталды.

Бүгін марапатталған қызметкерлер Елбасы мен ел Президентінің саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін атап өтілді. Бізге Отанымыз – Қазақстан Республикасын қорғауды өсиет етті. Сондықтан Сіздерге еліміздің және халқымыздың игілігі үшін, өз парыздарыңды абыроймен және мақтанышпен орындап, бұдан әрі де еңбектенулеріңізге тілектеспін, - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Өзгелердің жаңалығы