Swiss Queens Wednesday: Бибісара Асаубаева чемпион атанды

29 Наурыз 2024, 02:19
307
Бөлісу:
Swiss Queens Wednesday: Бибісара Асаубаева чемпион атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Блиц-шахматтан 2 дүркін (2021, 2022) әлем чемпионы Бибісара Асаубаева онлайн түрде өткен Swiss Queens Wednesday турнирінде топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Отандасымыз 11 турдың нәтижесі бойынша, 10 жеңіс, 1 мәрте тең түсіп, қарсыластарынан оқ бойы озып кетті.

Бибісара Асаубаева - 10,5 ұпай (300 доллар)
Теодора Иняц - 8,5 ұпай (250 доллар)
Савита Шри Баскар - 8,5 ұпай (200 доллар)
Вантика Агравал - 8 ұпай (150 доллар)
Фам Ле Тхао Нгуен - 7,5 ұпай (100 доллар)

Swiss Queens Wednesday онлайн турнирі ФИДЕ-нің 100 жылдығына байланысты өткізіліп жатыр. 
Жарыстың басты ерекшелігі — ФИДЕ ұйымдастырған бәсекенің чемпиондары ғана қатысады.

Өзгелердің жаңалығы