Светлана Жақыпова жаңа қызметке тағайындалды

12 Маусым 2023, 11:32
1968
Бөлісу:
Светлана Жақыпова жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Светлана Жақыпова Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.

Туған жылы: 1968 жыл

Туған жері: Қарағанды қаласы

Білімі: 1991 жылы Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтын,

2006 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын аяқтады.

1984 – 1986 жылдары Қарой бастауыш мектебінде ұзартылған күн тобының тәрбиешісі, бастауыш сыныптардың мұғалімі болып жұмыс істеді;

1986 – 1991 жылдары – Целиноград Мемлекеттік педагогикалық институтының студенті;

1991 – 1995 жылдары - № 16 орта мектебінде, № 36 бастауыш орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып;

1997 – 1998 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола қалалық бөлімшесі операциялық есеп жүргізу бөлімінің аға маманы, бас маманы;

1998 – 2001 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола (Астана) қалалық филиалының экономикалық талдау бөлімінің бас маманы, бастығы, филиал директорының орынбасары;

2001 – 2008 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКҚ Ақмола облыстық филиалының директоры;

2008 – 2011 жылдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры;

2011 – 2013 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жобалау офисі бағдарламалар басшысы болып қызмет атқарды.

2013 жылғы 19 тамыздан бастап 2014 жылғы тамызға дейін - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тағайындалды.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

«Құрмет» орденімен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы